FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонды

Күн райының бұзылуы рейстерге де кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадан Шымкентке бет алған ұшқыш Алматыға тоқтауға мәжбүр болған. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшақ жерге сәтті қонды. Әуе кемесіндегілер дін аман. Ал жолаушылардың бірі ұшақ Алматының үстінде үш рет бөгеліп барып, әрең қонғанын айтып қалды.