ШҚО-да жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының қолайсыздығынан республикалық және облыстық маңызды жолдар жабық тұр. Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда мұз қатқан. Дәл қазір Өскемен-Семей, Омбы-Майқапшағай бағыттарында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Азамат Кунафин, қалалық ТЖ басқармасының бас маманы:

– Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін таңғы 8-ден бастап Семей-Өскемен, Семей-Қалбатау ауылы және Ресей Федерациясы мен Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаскелер жабылды. Автокөлік жүргізушілеріне жолдарда абай болып, жылдамдықты шамадан тыс асырмауға үндейміз.