419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 1980 медицина қызметкеріне екпе егілді

  • 76
  • UPD: 13:24, 19.02.2021
Елордада 1980 медицина қызметкеріне екпе егілді

Елордада медицина қызметкерлеріне екпе егу кезеңінің үшіншісі аптасы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыт ішінде 1980 маманға вакцина салынды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты. Оның сөзінше, екпе егілген мамандардың денсаулығы қалыпты. Вакцинаның кері әсері байқалмайды. Медицина мамандарына Гам-КОВИД-Вак атауымен тіркелген ресейлік вакцина салынып жатыр. Әлия Рүстемованың айтуынша, екпе елордалық дәрігерлерге араға үш апта салып екі мәрте егіледі. Еске салайық, ел астанасында 6300-ден астам медицина қызметкері еңбек етіп жүр. 

Әлия Рүстемова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Вакцинаның екінші бөлігін салу жұмыстары 22 ақпанда басталады. Екпе толық егілген соң 1 жарым айдың ішінде ағзада иммундық жауап пайда болады. Сондықтан вакцина салынғандар сақтық шараларын сақтауды әрі қарай жалғастыруы тиіс. Вакцинаның келесі тасымалы ақпанның соңына жоспарланған. Олар қолымызға тиген соң, медицина қызметкерлеріне екпе егуді жалғастырамыз. Бұдан бөлек, педагогтарға, күштіқ құрылым қызметкерлеріне, созылмалы ауруы бар азаматтарға кезең-кезеңімен вакцина саламыз. Ол үшін арнайы кабинеттер, күту залдары әзірленді. Екпе қабылдаған адам дәрігер жанында 30 минут болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы