Кентау тұрғыны есірткімен ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан заңсыз қару, оқ-дәрі және есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында бір азамат күдік тудырған. Оны тексеру барысында бір дана мылтық, алты дана оқ және газет қиындысына оралған өткір иісті марихуанаға ұқсас заты анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты зат ретінде осыларды тәркілеп алып, ПБ-не жеткізді. Ол бұдан алдын да заңсыз қару сақтау бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Алынған бір дана мылтық пен алты дана оқ-дәріге баллистикалық зерттеу тағайындалып, есірткіге де сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған газет қиындысындағы ерекше иісі бар заттың 30 гр-нан астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Күнделікті жүргізілетін мұндай жедел-профилактикалық шаралар есірткі қылмыстарының төмендеуін жақсартады. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.