Семей көшелерінде қозғалыс қиындады

Семейде жаңбыр аралас қардың соңы көктайғаққа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала көшелерінде қозғалыс қиындады. Қолайсыз ауа райының кесірінен қоғамдық көлік қатынасы бұзылды. Тұрғындар жұмысқа таксимен баруға мәжбүр. Ал жеке тасымалдаушылар жүру ақысын қымбаттатып жіберген. Көк мұзда жолға шыққандар кері қайта алмай дал. Дәл қазір бірнеше бағыт бойынша барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Думан Икенов, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:

– Ауа райының қолайсыз болуына, көктайғақтың болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Және де қала тұрғындары мен қонақтарына Семей қаласының ТЖБ ескертеді: қажет болмаған жағдайда далаға көп шықпауларыңызды сұрайды.

Сондай-ақ...