419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боранда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

  • 84
  • UPD: 16:23, 19.02.2021
Боранда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

СҚО-да полицейлер қатты боранда адасып кеткен кәмелетке толмаған екі баланы аман алып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

18 ақпанда сағат 20 шамасында Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бірлік ауылының маңында екі баланың адасып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

17 және жеті жастағы ағайындылар шанаға жегілген атпен Есіл өзенінің жағасында бағылып жүрген жылқылардың табынын қарауға шыққан. Көп ұзамай қар жауып, соңы қатты желге ұласқан, ал балалар өздерімен бірге телефондарын алмаған.

Есіл ауданының полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбековтің айтуынша, іздеуді өз қолына алып, хабарлама алғаннан кейін УАЗ «Патриот» автомашинасы және үш қарда жүретін көлікпен аудандық бөлімнің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған топпен Бірлік ауылына жол тартқан. ТЖБ қызметкерлерімен, қорықшылар және жергілікті тұрғындармен бірлесе полицейлер жоғалған балаларды шұғыл іздеуге кіріскен. Төңіректі машиналармен, қарда жүретін көліктермен және жылқылармен аралап шыққан, ауыл тұрғындары ТЖ түсіністікпен қарап 40 шақты ауылдық, оның ішінде салт атпен шыққандар іздеу жұмысына белсенді көмек қолын созды. Қолайсыз ауа райы жұмысты қиындата түскен. Айналаның көрінбеуі іздеу жасағына, олардың ұйытқыған боран мен қалың қарда адасуына қауіп туғызды. Сондықтан іздеуге жұп болып шығып, сақтық шараларын сақтауға тура келген. Қарда жүретін көліктердің ұтқырлығы осындай қолайсыз ауа райында аса тиімділігін көрсетті: криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мұратбек Аяғанов пен ауыл тұрғыны Абзал Садуақасов балаларды бірінші болып көргендердің бірі.

Үлкен ағасы үстіндегі бар сырт киімін шешіп, бауырын орап, арқасына мінгізіп алған.

Балалар әбден шаршағандықтан, сөйлеуге де шамалары келмеген. Қатты боран басталған кезде шанадағы жегілген жылқы оларды үйден қарама-қарсы бағытқа қарай жүрген. Полицейлер, ауыл тұрғындары, қорықшылар мен құтқарушылардың күш біріктіруінің арқасында өкінішті жағдайға жол берілмей, балалар аман-есен ата-анасына оралды.

Хабар 24 телеарнасы