Елордада қайырымды істер марафоны өтіп жатыр

Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің белсенді студенттері Қайырымды істер марафонына атсалысып жатыр. 25 студент бірігіп, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ауласын тазалап берді. Қариялар біздің байлығымыз дейді олар. Жастар әрі қарай да игі істі жалғастыруға ниетті.

Аян Сәлімгереев, студент:

- Қарды күреп, ата-әжелеріміз емін-еркін жүре алатындай қарын күреп береміз. Қазақта айтады ғой: қайырымдылық жасасаң, қайырын өзін көрерсің. Әлбетте қайырымды жандар, еріктілер әрқашан да табылады деген ойдамын.