Құрылысты техникалық қадағалау аттестатын беру тәртібін өзгерту ұсынылды

Петропавлдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі техникалық бақылау аттестатын беру тәртібін өзгертуді ұсынып отыр. Олар сайттардың бірінде ашық түрде сатылып жатқан тест жауаптарын анықтаған. Сондықтан «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңесесінің мамандары бұл сұрақтарды құпия құжаттар қатарына енгізуді міндеттеу керек дейді.

- Біз қазір міне «ОЛХ» сайтында қызық жарнама тауып алдық. Ол жарнамаға сәйкес бұл жерде ГАСК сұрақтарына жауаптары бар екен... 

Жарнама шынымен де «қызық». Техникалық бақылауға қатысты сұрақтардың жауабы сайттардың бірінде ашық түрде сатылып жатыр. Құны бар – жоғы 10 мың теңге. 

- Это получается 400 вопросов на одну дисциплину. Они актуальны сейчас? Новые они?

– Да, они последней редакции.

– Чтобы потом у меня проблем не было.

– Нет, нет сдают ребята. Берут и сдают. Вопросов не было еще... 

«Қызылжар – адалдық алаңының» мамандары ақшаны аударып, дұрыс жауаптарын алды.

Сәлімхан Сәбитовтың айтуынша, тест сұрақтарын құпия құжаттарға қосып орталықтандыру керек. Өйткені оны тапсыратын мамандар анау – мынау емес, құрылысты қадағалайды. 

Сәлімхан Сәбитов, «QYZYLJAR – ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- ГАСК–ке осындай ұсыныс беріліп жатыр. Мұндай тесттердің. Өте маңызды тесттердің жауаптарына ешкім ие бола алмайтындай сол тест тапсыратын күні орталық аппаратта болсын. Осылай централизованно тапсыру керек.

Тест мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасындағы мына бір кабинетте тапсырылады. 100 сұраққа бір жарым сағат беріледі. Сыннан сүрінбей өткендері техникалық бақылаудың сарапшысы атанады. 

Біржан Көшербаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының м.а.:

- Әрине сұрақтардың сатылғаны дұрыс емес. Өйткені бұл адамдар құрылыстың сапасына жауап береді. Қазір техникалық бақылаудың ролі арта түсті. Олай дейтінім, жаңа ереже бойынша нысанды пайдалануға беруге мемлекеттік органдар қатыспайды.

Осыған байланысты басқарманың басы бұған дейін үлкен дауға қалған болатын. Бұрынғы басшы тест тапсыратындардың орнына басқа адамдарды кіргізіп көмектескені үшін ұсталып сотталды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Былтыр техникалық бақылауға 76 адам тест беріп, 29-ы өтпей қалды. Тағы бір жәйт, бұрын сыннан құлағандар 3 айдан кейін ғана қайта тапсыратын. Ал қазір күнде келсе болады.

«Бұл да аттестатты тез, әрі оңай алуға жол ашады», - дейді мамандар. 

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев