Заң бұзған шетел азаматтары ел аумағынан шығарылды

Заң бұзған шетел азаматтары ел аумағынан шығарылды

Ақтөбе облысында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 261 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жартысына жуығы шетел азаматтары. Бұл «Мигрант» алдын алу шарасы аясында жүргізілген төрт күндік жұмыстың нәтижесі. Шара барысында Отанына кері қайту туралы соттың шешімін елемей жүре берген Өзбекстанның бірнеше азаматы ел аумағынан шығарылды. Ал, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен екі бірдей Ресей тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Еліміздің көші-қон заңнама талаптарын орындауға бағытталған іс-шара бүкіл республика көлемінде жүруде.

Дәуренбек Ізтілеуов, Көші-қон қызметі басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Бұның ішіндегі көп көші-қон заңдарын бұзып жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Олар келіп, еңбек рұқсаттарын алмай жұмыс істеген және көші-қон заңдарын бұзғаны анықталып, солар жауапкершілікке тартылуда. Егер де карантиндік іс-шара, яғни 16 наурыз 2020 жылдан бері мерзімдері өтіп кеткен шетелдік азаматтарының қазіргі таңда құжаттарын заңдастыру жүріп жатыр. Заңдастыру дегеніміз, еңбек рұқсаттарын алуға болады. Сонымен қатар отбасы құрамына қосылу жөнінде рұқсаттар алуға болады.