Өткен тәулікте елге 2500-ге жуық жолаушы оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».
337 адамда ПТР анықтама болмаған. Коронавирус жұқтырғаны немесе жұқтырмағаны жайлы мәлімет жоқ. Қалған жолаушылар аталған құжатқа ие және нәтижелері теріс болып шықты. Елге оралған азаматтар 17 халықаралық әуе рейсімен келген. Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь сынды мемлекеттерден. Анықтамасыз келгендер жергілікті стационарға барып, сынама тапсырды. Енді сол жерде нәтижесін күтеді. Ал 18 ақпан күні ПТР анықтамасыз келген 451 жолаушыдан коронавирус анықталған жоқ.