Жаңа Зеландияда халықты вакциналау басталды

Жұқпалы кеселге қарсы екпені алғаш болып дәрігерлер мен шекарашылар алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, алдағы 2-3 аптада арнайы карантин орындарының қызметкерлерін егу қарастырылған. Содан кейін халықтың қалған топтарын вакциналау басталады. Ауқымды шара Pfizer мен BioNTech компанияларынң екпесімен жүзеге асырылады. Елде осы вакцина ғана бекітілген.

Айта кетейік, 5 миллион халқы бар Жаңа Зеландияда індет басталғалы вирусты 2 мыңнан аса адам жұқтырып, дерттен 26 науқас көз жұмған.

Эшли Блумфилд, Жаңа Зеландия денсаулық сақтау министрі:

- Бүгін біз соңғы 12 айда індетке қарсы күрестің шешуші кезеңіне аяқ басып тұрмыз. Ел тарихында алғаш рет халықты вирусқа вакциналау бойынша ауқымды шара қолға алынып жатыр. Бағдарлама кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асырылады деп сенеміз.

Сондай-ақ...