423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 187 тұлға анықталды

  • 263
  • UPD: 15:29, 20.02.2021
Ақмола облысында жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 187 тұлға анықталды

Жаза қанша жерден қатаңдатылғанымен, мас күйінде көлік жүргізетіндер мұны қаперге алар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысының полицейлері үш күнде осындай 32 деректі анықтаған. Ішімдік ішіп, рөлге отырғандар енді 15 тәулікке темір торға қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. «Қауіпсіз жол» акциясы аясында өңірде ереже бұзудың 1700-ден астам дерегі анықталды. Оның 200-ге жуығы  жылдамдықты асырса, 315 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды. Жол тәртібін бұзғандарға салынған айыппұл көлемі 7 млн теңгеден асады.

Аслан Қызбикенов, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 187 тұлға анықталды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе көп. Сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отыратындар азаймай тұр. Алдын алу шарасы кезінде осындай 20 дерек әшкереленді. Ал 12 адамда көлік жүргізу құқығы мүлде болмаған.

Хабар 24 телеарнасы