Мәжіліс депутаттары Жаңатастағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын», - деді Нұрлан Нығматулин. Сондай-ақ Палата Спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі