Пандемия кезінде тауға шығып тынығатындар саны артты

Пандемия кезінде тауға шығып, тынығатындар саны артқан. Мәселен, былтыр қыста Алматы облысындағы тау шаңғы курорттарына 420 мыңнан аса адам келіпті. Ал осы маусымда 470 мың турист шаңғы теуіп, қысты қызықтады.

Мамандардың айтуынша, қар көбесі сөгілгенше олардың қатары 500 мыңға жуықтайды. Жалпы өңірде тоғыз тау шаңғы кешені жұмыс істейді. Олардың дені Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қысқы туризмды дамыту мақсатында аймақта тағы бірнеше нысан салу жоспарланып отыр. 

Арқау Шантаев, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Мемлекетте туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясында ірі тау курорттарын іске қосу жоспарда бар. Оның ішінде Түрген тау шаңғы курорты. Бүгінгі күні ТЭО техникалық экономикалық негіздемесі дайындалуда. Алдағы уақытта Қаскелең тау курорты бар.

Сондай-ақ...