Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 54 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 ақпандағы ақпарат жарияланды. 

21 ақпандағы мәлімет бойынша 21 417 адам короновирус инфекциясынан (13 627 КВИ+ және 7 790 КВИ-) емделіп жатыр. Оның арасында 4 776 пациент стационарда, 16 641 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 237 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.