Қазақстанда былтыр 420 мың нәресте дүниеге келген

Қазақстанда былтыр 420 мың нәресте дүниеге келген

Былтыр елде 420 мың нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – соңғы 33 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Айта кетерлігі, сәбидің іңгәлаған дауысы ауылдардан көрі қалада көп естілген. Яғни, 248 мың 700-дейі қалада туған. Көрсеткішті Түркістан облысы бастап тұр. Одан кейін Алматы мен Жамбыл облыстары. Мегаполистерде де едәуір өсім байқалған.

Қазақстанда туу көрсеткіші артты

2020 жыл 425 000 нәресте

қалаларда 248 700 нәресте

ауылдарда 176 900 нәресте

Өңірлердегі туу көрсеткіші

Түркістан облысы 14,4%

Алматы облысы 12,7%

Алматы қаласы 8,3%

Шымкент қаласы 7,4%.