Оралдықтар демалыс күнін спортқа арнады

Оралдықтар демалыс күнін тиімді пайдаланып, жаппай шаңғы тебуге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Тұрғындардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Қытымыр қыстың суығына қарамастан орталық саябаққа жүзден аса адам жиналды. Олардың арасында оқушылар да, зейнеткерлер де бар. Сонымен қатар облыс әкімі мен өзге де мемлекеттік қызметшілер қолдау көрсетті. Қатысушылар Шаған өзенінің үстімен 3 шақырым қашықтықты еңсерді. Бұл шара мықтыларды анықтау емес, бой сергіту мақсатында ұйымдастырылғандықтан, жеңімпаздар болмады. Дегенмен, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Дәурен Мұқанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

- Осы қыс маусымында екінші рет өткізіліп жатыр. Біріншісі бізде желтоқсан айында, маусымның ашылуы болды. Одан кейін қазір осы 30 жылдыққа байланысты осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Енді оған халықтың да қызығушылығы артуда жылдан жылға.

Жұмабек Бақсыбаев, қала тұрғыны:

- Ауа райы жақсы бүгін, керемет. Жол да жақсы екен. Шаңғымыз жақсы жүріп тұр. Бүгін қатысқанымызға өте қуаныштымыз.

Сондай-ақ...