419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда паркингте үйлену тойы жасалған

  • 107
  • UPD: 12:51, 22.02.2021
Ақтауда паркингте үйлену тойы жасалған

Ақтаудағы көпқабатты үй паркингінде той жасалған, деп хабарлады «Хабар 24».

Бұл туралы әлеуметтік желіге тараған видео арқылы белгілі болды. Аталған деректі Ақтау қалалық полиция басқармасы растады.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға кеше Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Видео авторы – той басқаруға келген асаба. Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйдің көлік тұрағына жүздеген адам жиылып, жас жұбайлардың қуанышын атап өткен. Паркингтің іші үйлену тойына сай безендіріліпті. Дастархан жаюлы әрі астың да түр-түрі қойылған екен. Карантиндік шектеуге сай мұндай әрекет заңсыз саналады. Сондықтан той иелеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Жергілікті полиция басқармасы мән-жайды анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

Видеодағы ер адам бұған дейін ешкім автотұрақта той өткізбегенін айтып, қонақтарды сол жерге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы