Елжан Біртановті үйде қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов наурыздың соңына дейін үй қамауында қалады.

Елорданың ауданаралық тергеу соты осындай шешім шығарды. Бұл туралы экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлап отыр. Заңгер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, Біртановты қудалауды тоқтатуды сұрады.

Естеріңізге салайық, былтыр ол қызметінен босатылып, «ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ...