Елордада карантинді бұзған 200-ден астам бизнес нысанның жұмысы тоқтатылды

Елордада карантин тәртібін бұзған 200-ден астам бизнес нысанының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Жыл басынан бері шаһарда 340 заң бұзушылық анықталған. Кәсіпкерлер түрлі шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастырып, меймандардың денсаулығына қауіп төндірген. Басым бөлігі түнгі клуб, мейрамхана және тамақтану орындары. 40 кәсіпкердің ісі сотқа жолданды.

Ақпан айы басталғалы елордада 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Індеттің таралу деңгейі сәл де болса төмендеп, қала «сары аймаққа» өтті. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, апта аяғына дейін осындай жағдай қалыптасса, карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.