Оралда вакциналау жұмыстары жалғасып жатыр

Батыс Қазақстан облысында корнавируске қарсы екпе салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мұнда да облыс емханаларына қосымша мың шақты вакцина әкелінді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері екпе алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша апта соңында тағы 3 мың 250 вакцина жеткізіледі. Ал наурыз айының 1-інен бастап педагогтарды вакциналау басталады. Дәл бүгінгі күнге дейін облыстық жедел-жәрдем станциясының 91 қызметкері екпе алған.

Айта кету керек, өңірде соңғы тәулікте 43 адамнан ковид анықталған.

Мадияр Өтешев, облыстық жедел жәрдем станциясының директоры:

- Жалпы вызовтар ішінен 15-20 сол коронавирус індетіне науқасарды тасымалдау, инфекциялық стационраға тасымалдау немесе үйлерде көмек беру, сондай вызовтар бар. жалпы облыс бойынша 39 бригада бар. былтыр жыл соңында жаңа 37 автокөлік алынды, және де биыл жыл басында тағы 20 реанимобильдер келді. Жалпы автопарктің жағдайы қазір жақсы. 

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Батыс Қазақстан облысына 2-компонент вакцина «Спутник Ви» келген, саны 1000. Бүгіннен бастап вакцинация басталды, медицина қызметкерлері бірінші компонент алған, екінші компонент бүгіннен бастап алады. Ресейлік технологиямен сол қазір Қарағандыдағы заводта шығарып жатыр.