417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Есірткі саудасымен айналысқан Түлкібас тұрғыны ұсталды

  • 54
  • UPD: 11:27, 23.02.2021
Есірткі саудасымен айналысқан Түлкібас тұрғыны ұсталды

Полицейлер есірткі саудасымен айналысқан Түлкібас тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарланған. Анықталғандай, күдікті ауыл тұрғындарының біріне полиэтилен пакетке оралған марихуананы алты мың теңгеге сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер ұсталған адамның үйін тінту кезінде қағазға оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грамнан асатын марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы