Елімізде су тасқынының алдын алуға 38 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр

Наурыз айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын мөлшерінен асуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамынша, жағдай тек Оңтүстік және Батыс Қазақстан аймағында тұрақты болмақ. Сол себепті, қалған өңірлер төтенше жағдайға сақадай-сай болуы тиіс. Бүгінгі Үкімет отырысында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, биыл 13 млн текше метр қар шығарылған. Су тасқынының алдын алуға 38 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр. Жанар-жағармай қорының 3 мыңнан астам тоннасы және 224 мың тоннадан астам инертті материал әзірленген. Үкімет отырысының соңында премьер-министр Асқар Мамин су тасқынын болдырмау мақсатында Экология, Индустрия және Төтенше жағдай министрліктері мен жергілікті әкімдіктерге тиісті тапсырмалар жүктеді.