Байқоңырда өзеннен табылған баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ
- 60
- UPD: 13:45, 23.02.2021

Қызылорда облысында жоғалып кеткен баланы қолайсыз күн райы салдарынан су астында іздеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Естеріңізге салсақ, 20 ақпанда Байқоңыр қаласында жеті жастағы 2 оқушы жоғалып кеткен еді. Олар «Маяк» спорт кешенінен шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың бірі – Ерхан Анастың мүрдесі екі күн бұрын Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан табылды. Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Ол суға батып, тұншыққан. Балалардың жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта екінші баланы өзен жағалауынан іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар Байқоңырға қосымша сүңгуірлер тобы тартылған. Олар су астындағы жұмыстарды күн райы жақсарған кезде қайта бастайды.