Ұлыбританияда Boeing 777 ұшағының ұшуына тыйым салынды

Ұлыбританияда «Pratt & Whitney PW 4000» қозғалтқышы бар Boeing 777 ұшағын қолдануға тыйым салынды.

Бұл туралы осы елдің Көлік министрі Грант Шэпс мәлімдеді. Министр шектеу АҚШ-та осы ұшақпен болған оқыс оқиғаның мән-жайы толық зерттеліп бітпейінше жалғасатынын айтады.

Еске сала кетейік, ақпанның 21-і күні Денверден Гонолулуға ұшып шыққан осы әуе кемесінің қозғалтқышы көкте жанып, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Борттағы 241 жолаушының ешбіреуі жапа шекпеді. Оқиғадан кейін Boeing компаниясы осы ұшақ түрін қолдануды уақытша тоқтатуға кеңес берді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Роберт Самуолт, АҚШ Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесінің төрағасы:

- Алғашқы тексерулер жерге құлаған желдеткіштің темірінің тозғанын көрсетті. Бірақ қозғалтқыштың жануының себептерін анықтау үшін оның қаңқалары зертханаға жеткізіліп, сол жерде тексеріледі.

Сондай-ақ...