Теміртауда жылына 230 мың тонна зиянды зат ауаға тарайды

Қарағанды облысында ауаға зиянды заттардың шамадан тыс таралуына жол берген «Арселор Миттал» компаниясына жаңа талаптар қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгін кәсіпорын басшылығымен кездесіп, тез арада орындалуы тиіс 3 шартты таныстырды. Министрдің айтуынша, бұған дейін кінәмізді толық өтейміз деп уәдені үйіп төккен «Арселор Миттал» талаптарды мүлде орындамай келген. Бір ғана Теміртауда жылына 230 мың тонна зиянды зат ауаға таралады. Бұл қаланың әр тұрғынына шаққанда – 11 тонна. Оны азайту үшін қолға алынып жатқан шаралар тиімсіз. Жаңа шарт бойынша комбинат басшылығы шығарындыларды 4 жылда кемінде 30 процентке азайтуы тиіс. Автоматты мониторинг енгізіп, ауаның ластану көрсеткіші бойынша ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Теміртауға 500 мың түп ағаш егеді.

Сондай-ақ...