ШҚО: мұз үстіндегі төтенше жағдай кезінде әрекет ету жаттығулары өтті

Шығыс Қазақстанда мұздан келер қауіптің алдын алып, тұрғындарды сақтыққа шақыру үшін оқу-жаттығу өтті. Оның өз себебі де бар. Өйткені  күн жылынып келе жатқанын біле тұрып, қатерді ескермей мұз бетіне шығатындар бар. Негізінен балалар мен балықшылар ескертулерді қаперге іле бермейді. Тіпті мұздың жұқа екенін елемей, су қоймаларының үстінен көлікпен өтуге бел байлайтындар да көп. Мәселен, осы қыста бір автокөліктің суға кеткені туралы ресми дерек тіркелген. Ал бейресми ақпарат мұндай оқиға жалғыз еместігін айтады. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Мұздан келер қауіп көп. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі арнайы оқу-жаттығу өткізуді жөн көріпті. Бүгінгі сценарий бойынша /видео/жасөспірім мұз үстінде ойнаймын деп, өзеннің қақ ортасына қалай тап болғанын өзі де байқамай қалған.

Абырой болғанда  құтқаруышылар дер кезінде көмекке жетіп оны ажалдан аман алып қалды.

Айта кету керек, құтқарушылардың осындай жағдайға тап болған адамды құтқарып үлгіруі үшін санаулы ғана минуттар беріледі. Адам тұрған мұз бетіне жету үшін қайықтардан бөлек шана іспетіт тақтайлар да қолданылады. Бұл мұз тым жұқа кезде керек әдіс. Жағадағы мұз бір қарағанда қалың әрі қауіпсіз көрінгенімен бұл алдамшы құбылыс дейді мамандар, шын мәнінде ол нағыз қатер көзі.

Ерлан Бектұрысов, №6 бөлімшенің бас құтқарушысы:

- Мұз бөлініп кеткен жағдайда елемей қалады, балаларды мұз ағыс бойымен төмен алып кетеді, кейде ортасына алып кетеді.

Сергей Мартьянов бұл салада 40 жыл істеп жүр. Талай жанын тәуекелге тіккендерді құтқарып үлгіріпті.

Сергей Мартьянов, ардагер құтқарушы:

- Жалғыз жарым шықса бір көрім кейде мұз бетіне бір топ адам бірақ шығып алады. Осы Өскеменде Пермитин көшесі тұсында, одан кейін Үлбінің Ерттіске құяр жеріндегі мұз бетіне жиналатындар көп. Көктемгі демалыс басталысымен балалар да қаптайды. Түрлі қайғылы жағдайларға куә болдым. Мәселен, ағалы-қарындасты, 7-8 жас шамасындағы бүлдіршіндер осылай қапыда мерт болған еді.

Жалпы қазіргі күні балық аулауға болатын 84 орын белгіленген. Ал мұз үстімен көлікпен өтуге болатын бір ғана өткел Қызылту өткелі бекітілген.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Мұз туралы мынаны білу керек дейді мамандар. Оның үсчтімен көлікпен өту үшін оның қалыңдығы 30 см, жаяу өту үшін 10 см кем болмауы тиіс. Ал ең дұрысы, қатер көзіне жоламаған жөн.

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов