419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы боран. LIVE

  • 74
  • UPD: 10:56, 24.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысында боранда адасып кеткен үш азамат іздестірілуде. Қар құсауынан 100-ге жуық адам құтқарылды. Өңірде кешеден бері боран соғып тұр. Қазір  тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі кезде күн райы қандай? Төтенше жағдайлар мамандарымен тілдесе алдыңыз ба? Олар нендей мәлімет ұсынды?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Әрине тұрғындарды тіпті титықтатты десем де болады. Санаулы күндерден кейін жадыраған көктем де келетіні белгілі. Алайда Солтүстік Қазақстан облысында оның иісі де сезілмейді. Керісінше қыс қаһарынан қайтар емес. Ақпанның ақ түтек бораны тұрғындарды әбден әбігерге салды. Қазір біз Петропавл - Нұр-Сұлтан тас жолында, яғни қала шетіндегі полиция бекетінде тұрмыз.Өңірде кеше шамамен сағат күндізгі он екі шамасында ауа райы бұзылып, барлық бағыттағы жолдар жабылған еді. Алайда дауылды ескертуге қарамай, «нар тәуекел» деп жолға шыққандар да аз болмады. Мәселен, өткен тәулікте мамандар 51 көлікті қауіпсіз жерге көшірді. Қар құрсауынан 95 адамды құтқарды. Оның 2-уі бала. Жеті жылыту бекетіне 166 адам жеткізілді. Сондықтан аталған ведомство қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп жатқандар көп.

Қанат Жақаев, кәсіпкер:

- Благовещенко МЧС-ына көп-көп рақмет. Похоронға келіп едік, бір бабушкамыз қайтып. Сонау қаладан келгенбіз едік, кеше кешке. Енді бүгін сол похороннан келе жатып, машинаның бензині бітіп, жолда машиналарды сүйреп, көлігімнің бензині бітіп машинамды жолда тастап өзімізді құтқарып Жекекөлдік жігіттері МЧС-і осы әкеле жатыр бізді. Рақмет көп көп. Жұмыстары алға баса берсін.

Өңірде полицейлер мен құтқарушылар  қазір күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Олар қатты боранда адасып кеткен екі адамды тапты. Қазір Есіл мен Тайынша аудандарында тағы үш бақташы із-түзсіз жоғалған. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 

Айта кету қажет, қарлы боранның салдарынан 16 ауыл электр жарығынсыз қалды. Қазір төрт мыңнан астам абонент электр қуатынсыз отыр. Алайда олқылықтың орнын толту үшін  қайта  қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзін де жағдай тұрақты емес. Қалада қозғалыс қиындады. Коммуналдық қызмет қар аршып үлгірмей жатыр.

Хабар 24 телеарнасы