425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әуекомпаниялардың кірісі бір жылда 41% төмендеді

  • 289
  • UPD: 09:51, 24.02.2021
Әуекомпаниялардың кірісі бір жылда 41% төмендеді

Биылғы қаңтарда еліміздегі әуекомпаниялардың кірістері 19,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 40,8%-ке аз.

Соның ішінде 17,9 млрд теңге жолаушылар тасымалынан, 1,7 млрд теңге жүк тасымалдаудан түскен, деп хабарлады finprom.kz.

Айта кетсек, өткен жылдың қаңтарында әуекомпаниялардың кірістері бір жыл ішінде 31,3%-ке өсіп, 33,1 млрд теңгеге жеткен.

Биылғы қаңтарда елімізде әуе кемелерімен 592,1 мың адам тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ке аз. 2021 жылдың қаңтарында 2,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,1% артық.

Хабар 24 телеарнасы