Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады – фейк

Банктік мобильді қосымшалар арқылы жүргізілетін ақша аударымдарына салық салынатыны туралы жалған хабарламалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Бұл туралы RasTime YouTube арнасының жүргізушісі мәлімдеген.

Ол жеке тұлғаларға арналған ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенеді. Ролик авторының айтуынша, салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады.

ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz.

«Әрбір сатып алу (картамен төленген – авт.), достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлеуге тура келетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың бірде-бір ақша аударымына салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ. Бұл видеода жалған ақпарат ұсынылған», – деп хабарлады ведомстводан.

Әлихан Смайыловтың кәсіпкерлердің қызметін немесе сатылған тауарлар үшін ақша аударымдарын салық салумен қамту қажеттігі туралы айтқаны рас. Бұл шара тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады.