Павлодар облысында тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысында бір жылдан кем уақыт бұрын құрылған қаржылық пирамида белгілері бар «Лидер Капитал 168» МҚҰ ЖШС қызметінің жолын кесті.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, аз уақыт ішінде ұйымдастырушылар 100-ден астам сеніп қалған азаматты салым сомасының 10% көлемінде ай сайынғы кіріс алу шартымен қызметіне тартып үлгірген. Қазіргі уақытта алаяқтық схемаға тартылған басқа азаматтар анықталуда.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі күмәнді компанияларға қаражатты салудан бас тартуға шақырады. Егер сіз осы ұйымның қызметіне тартылған болсаңыз, мына сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81.