Боран кезінде құтқарылғандар арасында балалар бар

Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жедел штаб құрылған.

Қазір Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 51 республикалық және 61 облыстық маңыздағы жолдар жабық тұр. 500-ге тарта жылыту орыны бар. Онда 267 адамға көмек көрсетілді. Оның 18-і бала.

Тағы 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жалпы құтқару жұмысына төтенше жағдай министрлігі бөлімшелерінен 155 техника жұмылдырылған. Таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарладық.