БҚО-да республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын мен қатты жел тұруы салдарынан республикалық және облыстың маңыздағы автожолдар жабылды.

Өткен тәулікте  жолда қалған 63 адам құтқарылған. Олардың арасында 7 бала да бар. Екеуі шетелдік азаматтар. Көрсетілген көмектің арқасында зардап шеккендер жоқ. Аймақта 5 аудандағы мен 14 елді мекен, яғни  2 мыңнан аса абонент жарықсыз қалған. Қазір сала мамандары апат салдарын жою бағытында жұмыстар жүрігізіп жатыр.

Нұралы Мүсиев,  БҚО ТЖД ресми өкілі:

- Өткен тәулікте  Ақжайық және Жаңақала ауданныда 2 адам жоғалып кетуі орын алды. Іздестіру жұмыстары арқасында ол азаматтар өз уақытында табылды. Олар зардап шеккен жоқ және медициналық көмек қажет болған жоқ. Қар құрсауында қалып қойған 15 бірлік техника уақытЫнды эвакуацияланып құтқарылды. Қазіргі таңда жолдың жабылуына байланысты жүк автокөліктерінің тұрағы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ...