430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда апатты жағдайдағы үйлер бұзылады

  • 194
  • UPD: 14:31, 24.02.2021

Былтыр Батыс Қазақстан облысында 529 мың шаршы метр, тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл бұл мақсатқа 16 миллиард теңге қаражат бөлінді. Дегенмен, облыс орталығында апатты жағдайдағы 2-3 қабатты үйлер әлі де көп.

52 тұрғын үй апатты деп танылса, адамдар тұрып жатқан тағы 200-ден аса көне ғимарат бұзылуы тиіс,- дейді мамандар. Аймақта мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Яғни апатты жағдайдағы ескі үйлер бұзылып, орнына көп қабатты баспана бой көтереді. Соңғы жылдары осындай 19 үй орнына, 8 көп қабатты үй салынды. Биыл тағы үшеуінің құрылысын бастау көзделіп отыр.

Әлібек Антазиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Кейбір үйлердің жер тілімдері тіркелген жоқ, ал кейбір үйлердің пәтерлері жекешелендірілген жоқ. Сондықтан біздер осыған байланысты осы уйлердің бұзылуының  нақты  уақытын айта алмай отырмыз. Сол уйлердің тұрғындары құжаттарды дұрыстағаннан кейін нақтылап біздер айта аламыз, қашан ол уйді біздер бұза аламыз, орнына жаңа уй саламыз деп.

Хабар 24 телеарнасы