430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық жіберді

  • 214
  • UPD: 16:32, 24.02.2021
Президент Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық жіберді.

Екі апта бұрын 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын.

Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

«Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегінді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсін, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, отанымызға адал қызмет ететініне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр. Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев», - деп ол Президенттің жауабын оқып берді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

Ақпарат көзі: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы