Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 157 адамға бірінші компонентті вакцина егілді.

Екінші компонентті вакцинация 22 ақпанда басталды. Ол 2137 адамға салынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінгі күнге дейін вакцинадан болған жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ.

Енді медицина қызметкерлерін вакцинациялауды аяқтап, мұғалімдерді вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ...