432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

  • 139
  • UPD: 17:35, 24.02.2021
Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

Ақмола облысында карантиндік шектеу талаптары біртіндеп жеңілдей бастады. Бүгін бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді 27 ақпаннан бастап қоғамдық тамақтану орындары тәулік бойы жұмыс істей алады. Бұрын кешкі 18:00-ге дейін рұқсат етілген болатын. Ал базарлар сенбі күні де саудасын қыздыра алады. Тек жексенбі жабылады. Сауда-ойын-сауық орталықтары дүйсенбі-жұма аралығы, ал сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар алдын ала жазылу тәртібімен апта бойы қызмет көрсетеді. Мәдени нысандар мен кинотеатр иелеріне залдың 20%-ке толтырып, кәсібін жалғастыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ қалааралық, облысаралық, туристік автобустардың қатынасы жанданады. Бастысы, жолаушы саны 70%-тен аспауы тиіс. Дәл осындай тәртіппен қала маңына қатынайтын пойыздардың қозғалысына рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы