Вице-министр: Вакцина енді мұғалімдерге салынады

Елде індет жұқтырып жатқандар саны азайып келеді.

Бас санитарлық дәрігер осылай деді. Келесі аптадан бастап осыған дейін қызметіне шектеу қойылып келген кейбір орындар жұмыстарын қайта жандандырады. Бірақ санитарлық талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс. Осы күні 20 мыңнан аса отандасымызға вакцина салынған. Екпенің екінші дозасын екі мыңға жуық адам қабылдап үлгеріпті. Кеше Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцинаның 93 мың дозасы өндірілгені белгілі. Оның барлығы өңірлерге таратылып жатыр. Дәрігерлерге салынған соң мамандар мұғалімдерге екпе егеді. 65 жастан асқан адамдарға да вакцина қабылдауға рұқсат берілген.

Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

- Барлық өңірде вакциналау жұмыстары жүріп жатыр. Республика бойынша екпе салатын 786 орын бар. Оның 170-і қазір жұмыс істеп тұр. 65 жастан асқан адамдарға вакцина салуға рұқсат берілді. Бірақ олар алдымен толық медициналық тексерістен өту керек.

Қауіпті вирус балаларды да шырмауына түсіріп жатыр. Оқу жылы басталғалы 8500-ден аса оқушыдан кесел анықталған. Жартысынан көбі қашықтан оқитындар.

Сондай-ақ...