«Жасыл аймақтағы» өңірлерде шектеу шаралары жеңілдетіледі

Бірінші наурыздан бастап Түркия, Украина, Өзбекстан және Қырғызстанға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.

Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. «Жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданады. Алайда келушілердің саны 30%-тен аспауы тиіс. Спорттық шаралар, жұма намазын және жерлеу рәсімін өткізуге рұқсат етіледі. Ал 7 күн бойы «сары» аймақта тұрған өңірлерде жабық базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары жексенбі күні де жұмыс істейді. Наурыздан бастап 5-сыныпқа дейінгі, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушыларды аралас оқытуға болады.

Сондай-ақ...