Елімізде боулинг, компьютер клубтары және цирк ашылуы мүмкін

Елімізде «Ашық» мобильді қосымшасын қолданған кей нысандар қайта ашылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, қазір пандемияға байланысты тоқтап тұрған цирк, компьютер клубтары, боулинг сияқты көңіл көтеру орындарының жұмысына рұқсат ету мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, қосымшада келушінің коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны туралы ақпарат жүктеледі. «Осы арқылы бұқаралық спорт түрлерін көрермендермен өткізуге болады», - деді елдің Бас санитарлық дәрігері.