Түркістан облысында ақылы жолдар пайда болады

Түркістан облысында кей жолдар ақылы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қызылорда, Алматы және Ташкент бағытындағы республикалық маңыздағы жолдар кіреді. Қазірдің өзінде автомагистральдарда төлем терминалдары орнатылып жатыр. Қондырғылар әзірге сынақтан өтеді. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі және жайлылығы үшін қажет. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға септеседі. Өңірде ұзындығы 750 шақырымнан аса республикалық маңыздағы жолдар болса, оның 210 шақырымы ақылы болады.

Еркін Жанкенов, Ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары:

- Жолда көліктің дөңгелегі түсіп қалса, бензині бітіп қалса, 1413-ке хабарласады. Олар полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне хабар беріп, керек болса, эвакуатор жібереді. 4 санат бар. Жеңіл көліктер жылына 1 мың теңге төлейді. Облыстың аудандары бойынша. Ал үлкен көліктерге 15-20 теңгеге дейін. Жақын жердегі ауылда тұратындарға жеңілдік бар.