Павлодарда атжалманын жерлеген тұрғынның әрекеті көршілерінің үрейін тудырды

Көп қабатты үйдің тұрғындары «102» қызметіне хабарлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлерді шақыртқан азаматша ересек азаматтың ағаш түбіне бір затты көміп жатқанын көрген. Көршісі жерге есірткі затын тығып жатыр деп ойлаған. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, мән-жайды анықтады. Бұл бар-жоғы үй жануарын жерлеу рәсімі болып шықты.

Алма Мұсабекова, облыстық ПД баспасөз қызметінің маманы:

- 102 қызметіне күнбе-күн 500-ге жуық шақырту түседі. Әрине, ерекше жағдайлар көп. Мәселен, бір азаматша хабарласып, ер азаматтың күдікті әрекетіне алаңдаған. Кейін оның атжалманды көмгені белгілі болды. Ол тышқанның өлексесін балаларға көрсеткісі келмегенін айтты. Бұл дерек бойынша учаскелік инспектор тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізді.