Петропавлдық волонтерлер жалғызбасты қарияларға колғабыс етіп жүр

Петропавлда 100-ден астам волонтер жалғызбасты қарияларға колғабыс етіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс аумағында өтіп жатқан «Қайырымды істер» марафоны біраз ауқымды іс-шараны қамтиды. Белсенді студенттер үй шаруасына көмектесіп, ауладағы қарды күрейді. Игі іске атсалысқан жастарға үлкендер батасын беріп, алғыс жаудырды. Облыс орталығында еңбекке жарамсыз, жалғызбасты 500-ден астам зейнеткер тұрады.

Римма Овруцкая, қала тұрғыны:

- 10 жыл болды, жалғызбын. Денсаулығым да нашар. Мына жұмыстарды бір өзім істей алмаймын. Міне, бүгін жастар келіп, ауламды, есік алдындағы қарды күреп берді. Бораннан кейін аяқ алып жүретін жер болмай қалған еді. Үлкен алғысымды білдіремін.