COVID-19 ауырған балаларда бірнеше ай бойы дерттің белгілері сақталады

Коронавируспен ауырған балалардың жартысынан көбінде бірнеше ай бойы дерттің нышандары сақталады екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Италия, Ресей, Ұлыбритания ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетіп отыр. Оларға қарағанда, дерттен жазылып шыққан жасөспірімдерде бірнеше айдан кейін ұйқысыздық, бұлшық еттер мен буындардың ауруы, әлсіздік сынды белгілер қайталанған. Ғалымдар өткен жылдың наурыз айынан қарашаға дейін дерттен емделіп шыққан 129 баланы бақылап, жеткіншектердің 42-процентінде 4 айдан кейін ауру белгілері қайталанғанын байқаған. Әсіресе, балаларда ұйқысыздық, тыныс алуы қиындап, мұрынның бітелуі секілді белгілер жиі кездескен екен.