ҚДКБҚ алғашқы күні AsiaCredit Bank салымшыларына 7 млрд астам теңге төледі

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларына агент банк ретінде таңдап алынған «Евразийский банк» АҚ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу
2021 жылдың 24 ақпанында басталды.

2021 жылдың 25 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтарға агент банк арқылы шамамен 7,06 млрд теңге төледі. Бұл Қордың банк салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің жалпы көлемінің 37 процентін құрайды, деп хабарлайды kdif.kz.

Еске саламыз, кепілдік берілген өтемді алу үшін «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары агент банктің кез келген филиалы немесе бөлімшесіне барып, немесе www.eubank.kz сайты арқылы төлем алуға өтініш толтырулары тиіс. Өтемді алу үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Егер салымшының орнына басқа тұлға өтініш беретін болса (сенімхат бойынша өкіл, мұрагер, басқа да құқық иеленуші), онда агент банкке: сенімхат, нотариус куәландырған мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе басқа да құқық белгілеуші құжаттар ұсынылады.

ҚДКБҚ Еуразиялық банктің бөлімшелеріне барудан алдын, оның сайты (https://eubank.kz/asiacreditbank/?lang=kz) арқылы: төлем сомаларын тексеру, бөлімшелердің жұмысбастылығы және жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.

Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.