430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өткен тәулікте қар құрсауында қалған 155 техника құтқарылды

  • 114
Өткен тәулікте қар құрсауында қалған 155 техника құтқарылды

300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабық. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Ақтау-Атырау және Қостанай-Қарабалық бағытында барлық көлік түрінің қатынауына шектеу қойылды. Қостанай облысындағы Жетіқара мен Рудный арасындағы қозғалысқа да тыйым салынды. Павлодар облысындағы Ботақара-Баянауыл, оңтүстіктегі Айша бибі мен Машат елді мекендері арасындағы жолдар жабық. Бұған қоса, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар бар. Нақты ақпаратты «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығы арқылы біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы