Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге тыйым салынады

«Халқымыз үшін жер мәселесі қашан да аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы».

Бұл туралы Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтты.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату керектігін де тілге тиек етті. Осы орайда ол бірнеше шешім қабылданған.

«Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты.

Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек», – деді Президент.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Президент медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажеттігін айтты

Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдері түбегейлі жеңілдетілмек

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу тапсырылды

Құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс – Президент