Қ.Тоқаев: Екі ел азаматтығы бар лауазымды тұлғалар жұмыстан шығуы тиіс

Қазақстан – екі бірдей елдің азаматығына рұқсат бермейтін елдердің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл норма Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген. Алайда соңғы кезде қос елдің азаматтығын алып жүру деректері жиілеген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндайға жол берілмеу керектігін қадап айтты. Бұл мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей қатысы бар маңызды мәселе. Сондықтан тиісті шара қолдану қажеттігін ескертті.

Қасым-Жомарт, Тоқаев ҚР Президенті:

– Былтыр халыққа арналған жолдауымда қос елдің азаматтығы бар мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларды, квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілерін жұмыстан шығару туралы тапсырма берген едім. Үкімет пен мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке осы бағытта атқарылған жұмыс жөнінде баяндауды тапсырамын.