Баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын әзірлеу керек.
Құжатта жаңартылған энергия ғана емес, барлық баламалы қуат көздерін дамыту жолдарын реттейтін нормалар қарастырылуы керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы медициналық және педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясын көтеру мәселесіне тоқталды. Бүгінде осы салаларда білікті маман тапшы. Мәселе кезек күттірмейді. Оны шешу үшін дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Биыл педагогика мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы артты. Бұл қадам оң нәтижесін көрсеткен. Сондықтан Мемлекет басшысы алдағы уақытта медицина мамандығында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру қажеттігін айтты.