Наурызда жаңа коллекциялық монеталар сатылымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі «Космос» сериясынан «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнді жариялады.

«BELKA. STRELKA» монеталары 1 наурызда, «SÚNDET TOI» 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік арақашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады.

«Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында сатылады», - деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі.

«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.